Жаңалықтар

«Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы бойынша мектептерге сыйлық тарту етілді

«Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы бойынша мектептерге сыйлық тарту етілді
Фото: facebook.com/МахатСадық 24.05.2024 20:15 429
“Qazcontent» АҚ ұжымы - Басқарма Төрағасы Бекзат Жүсіптің ұйымдастыруымен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бастамасымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясына өз үлесін қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы белгілі журналист Махат Садық әлеуметтік желіде жазба жариялады. Оның жазуынша, Астана іргесіндегі Қосшы қаласындағы бірнеше мектепке жүздеген кітаптар табысталған. 
Бүгін елорда іргесіндегі Қосшыдағы 3 мектебіне қазіргі кездегі сұранысы көп 100 кітапты сыйға тарттық. Балалар әдебиеті, көркем әдебиет, тарихи жанрдағы кітаптардың кейбірінде классик жазушыларымыз: С.Мұратбеков, Ә. Кекілбаев, Ф. Оңғарсынова, Н. Айтұлы және басқа да қаламгерлеріміздің қолтаңбалары бар. Кітап - рухани азық дейміз. Біз жанымызды байытқан кітаптарды жеткіншек ұрпақ та оқып, әйгілі тұлғалардың қолтаңбасымен де таныс болса деген ойға келдік… Кітапты көп оқитын ел болсақ, баспалардан көптеп кітаптар шығып, дүкендерде көптеп сатып алынады. Сондықтан да оқыған кітаптарымызға белгі қойып, сыйға тартуды дәстүрге айналдырсақ игі іс ізгілікпен жалғаспақ. Бұл креативті идея тоқтамай жан-жақты жалғаса берсін. Оған барынша үлес қоса берейік, Достар!, - деп жазды Махат Садық. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға