Жаңалықтар

Ауыл гүлденсе, халықтың да жағдайы жақсарады – Динар Нөкетаева

Мәжіліс депутаты пікір білдірді
Ауыл гүлденсе, халықтың да жағдайы жақсарады – Динар Нөкетаева
Фото: wikiwand.com 28.11.2022 13:18 1045

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Динар Нөкетаева Президентті ұлықтау рәсімінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Тарихи сәттен алған әсерім зор. Президент айтқан реформалардың жүзеге асатындығына ұлықтау рәсімінде куә болдық. Әсіресе, мемлекет басшысы ең бірінші ауылды дамытуға байланысты Жарлыққа қол қоятынын айтты. Ауыл гүлденсе, халықтың да жағдайы жақсарады», – дейді депутат.

Мәжілісмен алда бірқатар маңызды мәселе тұрғанын және мемлекет басшысы оған қол қоятынын тілге тиек етті.

«Оның ішінде, Парламент Сенатының сайлауы бар. Мұның барлығы тікелей халықтың құптауымен қабылданған шешім деп есептеймін. Президенттің стратегиялық бағдарламасы 7 жыл мерзіміне бағытталды. Айтылған сөз жерде қалмайды. Ең бастысы мемлекет басшысы өзі жеке қадағалайды. Демократиялық жолға қадам басқасын жаңару және жаңғыру жолында Әділетті Қазақстан құруда жаңа бастама басталды деуге толық негіз бар», – деп мәжілісмен өз әсерімен бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға