Жаңалықтар

Australian Open: қазақстандық жасөспірім сенсация жасады

Australian Open: қазақстандық жасөспірім сенсация жасады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 22.01.2024 11:02 642

Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бастапқы кездесуінде жарыстың бірінші ракеткасы италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты.

Есесіне екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады — 7:6 (8:6).

Шешуші, үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.

Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға