Жаңалықтар

Australian Open: Қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасын ұтты

Australian Open: Қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасын ұтты
Фото: © ktf.kz 20.01.2024 17:05 783

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында өткен Australian Open жарысының бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық 16 жасар теннисші бірінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің төртінші, жарыстың бірінші ракеткасы, ATP рейтингісінде 1872-орында тұрған италиялық Федерико Синамен бақ сынасты.

Бірінші партияда италиялық спортшы бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Есесіне осыдан кейін Әмір Омарханов қарымта қайтара алды – 6:3, 6:3. Тартысты бәсеке бір сағат 37 минутқа созылды.

Әмір Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездеседі.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға