Жаңалықтар

Аудан әкімдеріне бюджеттен қаржы қалай бөлінеді?

Аудан әкімдеріне бюджеттен қаржы қалай бөлінеді?
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 06.09.2023 12:50 871

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Блоктық бюджет» пилоттық жобасы аудандарға қалай бөлінетіні жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Біз оны қазіргі таңда қарастырып жатырмыз. Бізде бұл жөнінде шағын министрлік болған дұрыс және бюджеттік дисциплинасы дұрыс министрлік болғаны абзал. Себебі, ол бюджеттің қаражаты. Ондай тәуекелге бара алмаймыз. Сосын аймақтарды да қараймыз. Оларда түсімі дұрыс аймақтар, республикалық деңгейде көп қаражат алмайтын аймақтар болуы тиіс. Олар өздерінің күндерін өзі көре алмаса, онда блокты бюджеттің мәні де дұрыс болмайды. Жалпы блоктық бюджет дегеніміз қандайда бір әкімге, министрге жауапкершілік беріледі. Ол өздерінің алдында тұрған мақсатын дұрыс қоя біліп, соны дұрыс қолдану керек. Егер де қандай да бір көрсеткішке қол жеткізе алмаса онда ведомствоның өзі жауап береді, - деді министр.

Министр блоктық бюджетті ұлттық экономика министрлігінен бастаған дұрыс екенін айтты.

Себебі, экономиканың методологиясы сол министрліктің қолында және осы министрлік елдің экономикасын жүргізіп отыр. Аймақтарды алдағы уақытта көре жатармыз. Мүмкін, осы жақын жердегі облыстардың бөлігін аламыз ба, әлі де қарастырып жатырмыз, - деді Жамаубаев.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «блоктық бюджет» пилоттық жобасын ендіруді, аудан әкімдеріне бюджеттік тәуелсіздігін беріп  бюджеттік саясатты жетілдіруді және бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшуді ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға