Жаңалықтар

Ауа райының кез-келген жағдайына дайын болуға тиіспіз – Ербол Қарашөкеев

Ауа райының кез-келген жағдайына дайын болуға тиіспіз – Ербол Қарашөкеев
Фото: gov.kz 19.12.2023 03:31 665

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңес барысында орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою, қалпына келтіру және алдағы уақытта ауа-райының кез-келген жағдайына дайын болу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқосуда аймақ басшысы алдымен Қордай, Шу аудандарындағы жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде бірлескен әрі жедел шаралардың арқасында қар құрсауында қалған тұрғындар толығымен құтқарылғанын, адам шығынына жол берілмегінін атап өтті.
Сондай-ақ, облыс әкімі әлеуметтік желіде тарап жатқан адам шығынына қатысты ақпараттардың шындыққа сәйкес келмейтінін баса айтып, халықты тек шынайы ақпаратқа сенуге шақырды.

Жиында облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Азат Әбдіразақов, сөз энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұңғатов, ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев, «Казсушар» облыстық филиалының директоры Асқанат Қадыров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов, «Қазавтожол» облыс бойынша филиалының директоры Айжан Туғанованың атқарылып жатқан жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Айта кету керек, қазіргі таңда қарды тазалау, қалпына келтіру шаралары қызу атқарылуда. Ауа-райының қолайсыздығынан жарықсыз қалған барлық елді мекендерде электр желілері толығымен іске қосылды. Пойыз қатынастары қалпына келтірілген.

Бүгінде тіршілікті қамтамасыз ететін-барлық коммуналдық мекемелері мен нысандары штаттық режимде жұміс істеуде.
Ербол Қарашөкеев жауаптыларға төтенше жағдайлардың алдын алу, ауа-райының кез-келген өзгелері жағдайына дайын болу керектігін, су айдындарындағы ахуалды  назарда ұстап, зерделеп, талдау, автожолдарды бақылауда ұстау, тас жолдардағы су өткізгіштерді тазалығын қамтамасыз ету, трансшекаралық өзендерді назарға алу бойынша нақты міндеттер жүктді.

Сонымен қатар, тиісті тұлғаларға төтенше жағдай кезінде орын алған мал шығындарын анықтау, шалғайдағы шаруаларға жем-шөп бойынша қажетті көмектерді ұйымдастыру, «Қазгидрометтің» ауа-райы болжамын дер кезінде ұсыну, тұрғындар арасында жан-жақты түсіндіру шараларын жүргізуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға