Жаңалықтар

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz 20.03.2024 08:36 247

Синоптиктер 20 наурызда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының шығыс бөлігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, 21-22 наурызда облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз, 22 наурызда түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға