Ауа райына байланысты Атбасардан Астраханка ауылына дейінгі жол жабылды

 ©El.kz
Фото: ©El.kz

Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ мәліметінше, 12 қазанда сағат 00:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1003-1128 шақырым аралығында Атбасар қаласынан Астраханка ауылына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жол қозғалысына қатысты қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы алуға болады.

 

Оқи отырыңыз