Жаңалықтар

Ауа райына байланысты Алматы әуежайынан бірқатар рейс кешігіп ұшты

Ауа райына байланысты Алматы әуежайынан бірқатар рейс кешігіп ұшты
Фото: pixabay.com 22.02.2023 13:42 710

Ақпанның 21-нен 22-не қараған түні метеожағдайға байланысты Алматы әуежайында бірқатар рейстер кешігіп ұшты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен түні метеожағдайдың салдарынан Алматы халықаралық әуежайынан ұшатын және ұшып келетін бірқатар рейстер кешіккен.

«Өткен түні қолайсыз ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайынан Алматы-Сабиха Гокчен, Алматы-Шереметьево, Алматы-Ыстанбұл, Алматы-Үржар, Алматы- Минералды сулар, Алматы- Пхукет, Алматы-Астана, Алматы-Дубай рейстері кешігіп ұшты»,-деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға