Жаңалықтар

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
Ауа райына байланысты 7 облыста  ескерту жарияланды
Фото: El.kz 26.12.2022 20:37 937

Республиканың 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Абай облысында Семейде екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды.

ШҚО-да Өскеменде, Риддерде екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Жетісу облысының таулы аудандарына тұман түседі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, 25 м/с-ке жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі, орталығына тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы аудандарына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға