Жаңалықтар

Ауа райына байланысты 5 өңірде жол жабылды

32 учаскедегі қозғалысқа шектеу енгізілген
Ауа райына байланысты 5 өңірде жол жабылды
Фото: baribar.kz 08.03.2023 00:15 991

Еліміздің 5 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды El.kz ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап.

Республикалық маңыздағы тасжолдың 32 учаскесіндегі қозғалысқа шектеу қойылған.   

Республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау және көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізілуде. Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді, - делінген компания таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға