Жаңалықтар

Ауғанстандағы қазақтар

Ауғанстандағы қазақтар
27.08.2014 04:39 6558

Ауғанстан өкіметі қазақтарға қалған дүние-мүліктеріңді қайтарайық, Сұлтан Ғалиханды тірідей қайтарыңдар деп талап етеді. «Өліспей берісетін» халықпыз ба деп, Сұлтан Ғалиханды тірідей жерге көміп, азаптап өлтіреді. Сонымен, Ауған жерінен кері қайтқан ел Тəжікстанның Гүлапстан деген жеріне орналасады. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай күндерде, бұларға көз алартқан ешкім болмайды. Олар – Тəжікстан өкіметіне талап қойып Гулапстанның шүйгінді де құнарлы мекені болып саналатын 32 бұлағының бойын иеленіп, ресми түрде өз аттарына бекіттіріп алады. Аталған аймақтың топырағы өте құнарлы болғандығынан табиғи түрде жабайы пісте қисапсыз өседі екен. Қазақтар сол пістелерді жинап, жылына бір рет арбалап базарға апарып саудаға салады. Соның арқасында көп табысқа кенеліп, мейлінше байып алады. Осылай «тамағы тоқ, көйлегі көк » бейбіт тірлікпен жарты ғасырды артқа тастайды. Тəжікстанда тыныш өмірге дағдыланып, тілі бөлек болса да діні бір, ділі бір тəжік халқымен етене-жақын бейбіт тіршілік етіп жатқан қазақтардың басына бəлшібектердің қара бұлты үйіріле бастайды. 1917 жылы Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бұл ел басына нəубет келіп, қайта босып Ауғанстанға барлық мал- мүлкімен өтіп кетеді. Оларды Адай-қосай тайпаларынан Бүркітбай, Тоқсаба, Нұмар молда, Мұңалдан Жарған қажы, қырықмылтықтан Қожахмет бай, Табыннан Тілеужан молда, Төлеу, Қоңыраттан Смайыл, Нұрақыл, Досан би қатарлы ел ағалары бастап алып шығады. Бірақ, Ауғанстан жерін жерсінбеген мал түгелдей қырылып, халық ашаршылыққа ұшырайды. Жан бағуды күйттеген ел азаматтары Кеңес еліне өтіп, басмашыларға қосылып, ел тонауға кіріседі. Ол кезде Түркиядан Əнуар паша (Əнуар паша-1862 жылы Стамбулда дүние келіп, əскери оқу орындарын бітірген соң II Əбділхамид билік құрған заманында соғысқа қатысты. Сол кездері мемлекетте реформа жасау үшін бірнеше пікірлестерімен «Бірлік жəне даму» атты партия құрды. Бірінші дүниежүзілік соғыста османлы əскерінің даңқты қолбасшысы болды. Османлылар жеңіліске ұшыраған соң Түрік азаттық қозғалысы қатарында мемлекеттің тəуелсіздігіне орай бəлшібектермен одақтасты. Əнуар пашаның негізгі идеясы бүкіл түркілермен бірігу болғандықтан бəлшебектердің қарсылығына тап болып, олармен соғысқа кірді. Сол мақсатта 1921 жылында Түркістанда басталған 1918-1930 жылғы Басмашылар қозғалысына қатысып, Кеңес өкіметінің өктемдігіне қарсы түркі халықтарының азаттық күресіне атсалысты.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға