Жаңалықтар

Атыраулықтар «QazHome» қаржы пирамидасына 49 млн теңге салған

Атыраулықтар «QazHome» қаржы пирамидасына 49 млн теңге салған
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 22.08.2023 12:25 817

Атырауда қаржы пирамидасын құрған тұлғалар әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған азаматтар «QazHome» тұтыну кооперативінің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан кіріс алу, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен байыту қызметін ұйымдастырды.

Осы факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Атырау облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Олардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды. Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады, - делінген Қаржы мониторинг агенттігінің ақпаратында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

❗️ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға