Жаңалықтар

Атыраулық спортшы муайтайдан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Атыраулық спортшы муайтайдан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі 16.05.2023 12:00 820

Атыраулық спортшы муайтайдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, әлем чемпионаты 3-14 мамырда Тайландтың Бангкок қаласында өткен. Оған 110 елден 2500-ден астам спортшы қатысты. Чемпионат ересектер арасында екі жас ерекшелігі бойынша (А класс) және U-23 (В класс) бойынша өткен.

Ел намысын қорғаған құрама сапында атыраулық муайтайшы Әбіл Ғалиев іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Израиль, Италия елдерінің спортшыларын ұтқан. Ал, ақтық сында Түркия Республикасының спортшысынан жеңілген.

Чемпионат өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Муайтай спортымен айналысқаныма 13 жыл болды. Бірінші дайындығым Атырау қаласында, кейін екі апталық жаттығу кезеңін Тайланд еліндегі Самуй деген аралында өткіздім. «Қайсар» спорт клубының бапкерлері Мейрам мен Ислам Ғалиевтердің кеңесінің нәтижесінде күміс жүлдеге ие болдым. Енді қазан айында өтетін Азия ойындарына қатысу үшін жаттығуымды жалғастырамын, - дейді Әбіл Ғалиев.

Бұл - атыраулық муайтайшы Әбіл Ғалиевтың алғашқы жеңісі емес. Ол бұған дейін жастар арасында әлем чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға