Жаңалықтар

Атыраулық құтқарушылар жүкті әйелге көмек көрсетті

Атыраулық құтқарушылар жүкті әйелге көмек көрсетті
Фото: ТЖМ 20.05.2024 13:50 3294

Атыраулық құтқарушылар түнгі кезекшілік кезінде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылынан әйел адамды аудан орталығына қайықпен тасымалдау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде, ауыл тұрғыны жедел-жәрдем қызметкерлеріне уақытылы жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Махамбет ауданы Сарытоғай ауылын су басу қаупі төнуіне байланысты, өр суын қауіпсіз өткізу мақсатында Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылын жалғап жатқан тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылып, көлік қатынасы тоқтаған болатын. Тұрғындарды тасымалдау қайық арқылы тәулік бойы жүзеге асырылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға