Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Атыраулық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды
Фото: Әлеуметтік желіден 16.05.2023 11:45 528

Атырауда 44 жастағы мас әйел көпірден секірмек болған. Полиция қызметкерлері мас әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, оқиға Атырау қаласында 15 мамырда болған. Бұл туралы 102 арнасына сағат 00:50 шамасында хабар түскен.

Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, орталық көпір үстінен секіргелі тұрған әйелді құтқарып қалды. Тексеру кезінде 1979 жылғы әйелдің жеңіл дәрежеде мас күйде болғанын анықталды. Ол жедел тергеу тобына тапсырылды. Оның не себептен суицид жасамақ болғаны анықталып жатыр, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға