Атырау мектеп оқушылары көру қабілеті шектеулі адамдарға арналған «ақылды көзілдірікпен» әлемдегі ең үздік 100 жобаның қатарына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Хайдар Атағұлла мен Қайырхан Лұқпановтың «Ақылды көзілдірік» жобасы 2024 жылғы 100 Rise Global Winners тізіміне енді. Бұған дейін жоба Jasscience-2024 байқауында жеңіске жетіп, Хайдар Атағұлла кез келген университетте тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.
«Ақылды көзілдірік» қалай жұмыс істейді?
RikaAI жасанды интеллекті негізінде жасалған бұл құрылғы интуитивті басқаруды ұсынады және құлаққап арқылы дауыстық пәрмендермен әрекеттеседі.
Функционалы:
- ChatGPT немесе Wikipedia секілді сұрақтарға жауап беру;
- Мәтінді сканерлеу және оқу арқылы күнделікті тапсырмаларды жеңілдету;
- Көру қабілеті шектеулі адамдарды құлаудан қорғау үшін кедергілерді анықтау;
- Бөлмеде бағдарлануға көмектесу үшін қоршаған ортаны сипаттау.
«Ақылды көзілдірік» қазақстандық мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, ғылым мен техниканың алдағы жетістіктеріне шабыттандырады.
Атыраулық оқушылар «ақылды көзілдірік» ойлап тапты
Оқи отырыңыз
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер