Жаңалықтар

Атыраулық футболшылар алаңға күшік құшақтап шықты

Атыраулық футболшылар алаңға күшік құшақтап шықты
Фото: instagram.com/fc_atyrau 07.04.2023 14:18 1288

«Атырау» футбол клубының ойыншылары жанкүйерлерін таңқалдырды. Олардың әрқайсысы жасыл алаңға бір-бір күшіктен алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында «Атырау» футбол клубы «Оқжетпес» командасымен кездесіп, 0:4 есебімен ұтылып қалған еді.

Бірақ атыраулық ойыншылар бұл жолы көпшіліктің назарын қараусыз жүрген үй жануарларына аударғысы келген.

Атыраулық футболшылар алаңға күшік құшақтап шықты

Клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл «Ит – жеті қазынаның бірі» атты акцияның бір бөлігі болып шықты. Оған «Доброе сердце» қоғамдық қорының еріктілері қатысқан. Аталған ұйым 2016 жылдан бері үйсіз жануарларға жаңа қожайын табуға көмектесіп келеді.

Атыраулық футболшылар алаңға күшік құшақтап шықты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға