Жаңалықтар

"Атыраулық баланың әкесі кім?". Әнші Бейбіт Қорған ДНҚ тестін тапсырды

"Атыраулық баланың әкесі кім?". Әнші Бейбіт Қорған ДНҚ тестін тапсырды
Фото: Видеодан кадр 03.02.2024 12:26 11340

Атыраулық Нұргүл Зиханова әнші Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтып, желіні шулатқан еді. Әнші ақиқатқа көз жеткізу үшін ДНҚ тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Астарлы ақиқат" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген әншіні сұхбатқа шақырды.

"Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, "Маска" шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды, - деді ол.

ДНҚ нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуге тиіс.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға