Жаңалықтар

Атыраулық азамат өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның өмірін құтқарды

Атыраулық азамат өзіне қол жұмсамақ болған ер адамның өмірін құтқарды
Фото: Видеодан кадр 26.04.2023 16:18 723

Атырау қаласының тұрғыны Тұрсынбай Айтақов өзіне қол жұмсамақ болған 30 жастағы ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 24 сәуірде сағат 21:00 шамасында Жұмыскер көпірінің көпірінде болды. Бұл туралы Тұрсынбай Айтақов Instagram парақшасында айтты.

Мен көпірден өтіп бара жатып, көпірдің арғы жағындағы қоршауды бір қолымен ұстап тұрған адамды байқадым. Ішім бір жамандықты сезгендей болды. Жанынан өтіп бара жатып, кілт тоқтап, оған жақындадым. Бірақ, ол жалғыз қалдыруын өтінді. Мас екен. Оны құтқарып қалуға жалғыз өзімнің күшім жетпейтінін біліп, бірден көлік жүретін жолға шығып, машиналарды тоқтата бастадым. Абырой болғанда екі жас жігіт тоқтап, бір адамның өмірін аман алып қалдық. Иә, қатты қорқанымыз рас. Құтқара алмай қалсақ деген жаман ой мазалады. Барлығын жақсы аяқталғанына қуаныштымын – деді Т.Айтақов.

Айта кетейік, адам өміріне араша түскен Тұрсынбай Айтақов 33 жаста. Ол, осыдан 10 жыл бұрын Өзбекстаннан көшіп келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға