Жаңалықтар

Атыраулық әйел күйеу баласын не үшін өлтіргені белгілі болды

Атыраулық әйел күйеу баласын не үшін өлтіргені белгілі болды
Фото: © Polisia.kz 22.12.2023 11:00 3801

Атырауда күйеу баласын өлтірген әйелдің бұл қылмысқа не үшін барғаны белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі

КТК арнасының хабарлауынша, қанды қылмыс Құлсары қаласында болған. Отбасындағы жанжал кезінде 57 жастағы әйел күйеу баласына пышақпен жарақаттаған. Бұл оқиғадан 27 жастағы жігіт жантәсілім етті. Марқұм күдіктінің қызымен азаматтық некеде тұрған. Тәртіп сақшылары бұл отбасында жанжал жиі болатынын айтады. Ал қайтыс болған азамат әйелін ұрып-соққаны үшін бірнеше рет әкімшілік қамауға алынған екен.

Осындай жанжал кезіндеәйел қызын қорғау үшін пышақ сұққан.  Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Атырау облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет 1996 жылы туған ер адамның бұрын отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бергені үшін екі рет әкімшілік қамауда болғаны анықталғанын айтады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға