Жаңалықтар

Атыраудағы жекеменшік спорт клубының жас спортшысы Алматыда қайтыс болды

Атыраудағы жекеменшік спорт клубының жас спортшысы Алматыда қайтыс болды
Фото: Ашық дереккөзден 01.10.2023 18:56 421

Қайғылы оқиға кеше түстен кейін жазатайым оқиға салдарынан болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Бейресми ақпарат көздерінің мәліметіне сәйкес, бір топ бала жекеменшік спорт клубының жаттықтырушысымен бірге Атыраудан Алматыға ARLAN GRIP KUZ OPEN  (AIGA) халықаралық турниріне AIGA грэпплинг спорттық жекпе-жек түрі бойынша қатысуға барған.

30 қыркүйек күні таңертең «Байқоңыр» спорт клубының жаттықтырушысы 12-14 жастағы жасөспірімдерді жарысқа алып кеткен. Атыраулық спортшылар тоқтаған тұрғылықты жерде бір топ бала қалады. Спортшылардың бесеуі дүкенге сұранып шығып, олармен бірге алты жасар  И.Ж., да кетеді.

Өкінішке қарай, ол қайғылы оқиғаға ұшырап, қаза тапты.  Жекеменшік спорт клубының «Жұмыскер» шағынауданында орналасқаны анықталды. Алматыда болған төтенше жағдай туралы құқық қорғау органдары хабардар етілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға