Жаңалықтар

Атыраудағы шетелдіктер Жайық жағалауында бөгет салып жатыр

Атыраудағы шетелдіктер Жайық жағалауында бөгет салып жатыр
Фото: Видеодан кадр 15.04.2024 14:47 419

«Достық» қалашығының тұрғындары атыраулықтармен бірге Жайықтың жағасын нығайтуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Демалыс күндері халық арасында «Америкалық қалашық» атанып кеткен «Достық» қалашығының 60-тан астам тұрғыны Жайық өзенінің жағалауында бөгеттерді салуға атсалысты. «Достық» тұрғындарының басым көпшілігі – Қазақстанға әртүрлі елдерден келіп, өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісетін, сондай-ақ, Теңіз және Королев кен орындарында жаңа технологиялар мен жүйелерді енгізетін техникалық мамандар мен басшылар. 

Тіл айырмашылығына қарамастан шетелдіктер жергілікті тұрғындармен бірге ортақ мақсатты тез түсініп, Жайық жағалауын нығайтуға кірісті. Жұмыс барысында «Теңізшевройл» инженерлері көршілес мектептің еріктілеріне қаптарды топырақпен толтыруды тездету үшін жаңа шешімдерді ұсынды, ал мұғалімдер ағылшынша сөйлеп, тілдерін жаттықтырды.

Жұмысты ұйымдастырушы Оңтүстік Луизианадан келген, «Теңізшевройл» ЖШС стратегиялық сұрақтар жөніндегі кеңесшісі - Джон Фелл. Ол су тасқынына дайындықты бала кезінен білетінін айтты, өйткені Оңтүстік Луизианада су тасқыны жылына 3-4 рет болады.

Джон Фелл алғашқы күннен бастап еріктілерге көмектесуде, сонымен қатар әріптестерімен бірге жұмыстан кейін қаланың басқа бөліктеріндегі жағалауларды қорғау жұмыстарына қатысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға