Атырау облысының Құлсары қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда, бірақ төтенше жағдай режимі сақталуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынынан зардап шеккен ауданда халыққа берілетін судың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жалғасуда.
Төтенше жағдайдың барлық кезеңінде санитарлық-химиялық, микробиологиялық зерттеулерге 500-ге жуық су, тамақ өнімдерінің сынамалары алынды.
Су тасқыны және су тасқынынан кейінгі кезеңдерде халық арасында жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Халық арасында инфекциялық және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке гигиенаны сақтау бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда жұқпалы аурулардың су жолымен таралу қаупі ең аз.
ҚР ДСМ ДБҰО су тасқыны кезеңінде денсаулық сақтау министрлігінің ресми ұсынымдарын ұстануға кеңес береді.
Атыраудағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қандай
Оқи отырыңыз
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды