Жаңалықтар

Атыраудағы қамыс өрті басылар емес

Атыраудағы қамыс өрті басылар емес
Фото: gov.kz 05.04.2023 17:04 914

2 сәуірде басталған «АқЖайық» табиғи мемлекеттік резерваты аумағындағы өрттің жалпы ауданы 130 гектарға жетті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, бүгінгі таңда батпақты, сулы жерлерде шамамен 3,3 га аумақта қамыстың бықсуы анықталды.

Қазіргі уақытта өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 39 қызметкер мен 4 бірлік техника және «Ақ Жайық» табиғи мемлекеттік резерватынан  30 адам мен 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды. Бұдан басқа, өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 5-СТҚ су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылып, қамыс өсімдіктерін сөндіру жұмыстары жүргізілуде.  Бүгінгі күні Қазавиқұтқару тікұшағы әуеден су төгу құрылғысының көмегімен  өрт ошақтарына әуеден 70-ке жуық рет, жалпы көлемі 200-ден астам тонна  су төгілді, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, биіктігі 2-2,5 метр болатын қалың қамыс бұталарын  сөндіруге жердің қатты сулы-батпақты болуы қиындық тудырды. Сондықтан өрт сөндіру автотехникасының жану ошақтарына өтуі мүмкін емес. Осыған байланысты ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері сөндіруді өрт сөндіргіштер мен хлопушкалардың көмегімен жаяу жүзеге асыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға