Жаңалықтар

Атыраудағы Индер кентінде су деңгейі көтеріліп жатыр

Атыраудағы Индер кентінде су деңгейі көтеріліп жатыр
Фото: Видеодан кадр 13.05.2024 09:17 646

Индер кентінде тасқын су шыққан жерде жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін кенттің бір бөлігі электр қуатынан ажыратылған, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

Қазіргі уақытта төгілу салдарын жою мақсатында Жайық өзеніне су айдау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, апатты учаскенің айналасында үш деңгейлі бөгет салынуда, жағдай бақылауда, - деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.

Аудан басшысының айтуынша, Индербор ауылының бір бөлігі уақытша жарықсыз қалады. Сондай-ақ, резервтік бөгет салу жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов бар. Ауданның арнайы техникасы жұмылдырылып, облыс орталығынан қосымша техника тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға