Жаңалықтар

Атыраудағы элиталық тұрғын үйде жүкті әйелді өлтіріп кеткен

Атыраудағы элиталық тұрғын үйде жүкті әйелді өлтіріп кеткен
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 29.04.2025 20:39 1328

Атырау қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінде жүкті әйелдің өліміне байланысты іс тергелуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Француз орамы» тұрғын үй кешенінен 46 жастағы әйелдің зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Алдын ала деректер бойынша, марқұм жүкті болған.

Дереккөз мәліметінше, әйелді пышақтап кеткен, содан кейін пәтерінен бағалы заттар ұрланған. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Атырау облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты тергеу шаралары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға