Жаңалықтар

Атыраудағы ауыл маңында Жайық өзенінің су деңгейі көтерілді

Атыраудағы ауыл маңында Жайық өзенінің су деңгейі көтерілді
Фото: Видеодан кадр 23.05.2024 01:19 302

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Су жол төсеміне жақындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта қорғаныс бөгетін нығайту және жер үйіндісін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып, жергілікті тұрғындарды хабардар етуде. Жағдай бақылауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға