Жаңалықтар

Атырауда жол апатынан 4 адам бақилық болды

Атырауда жол апатынан 4 адам бақилық болды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 10.03.2024 14:18 409

Атырау қаласында көпірдің үстінде екі көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметіне қарағанда, жол апаты бүгін, 10 наурыз күні сағат 01:40 шамасында болғаны анықталып отыр.

Атырау қаласындағы Жайық өзенінің қос жағалауын жалғайтын көпірдің үстінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lada Granta автокөлігінің рөлінде болған 1998 жылғы жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бір жолаушы жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан. 

Қазір полиция қызметкерлері тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр. Жол апатының себебін анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға