Жаңалықтар

Атырауда жеңіл көлік қаққан екі жасөспірім ауруханаға жеткізілді

Атырауда жеңіл көлік қаққан екі жасөспірім ауруханаға жеткізілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.06.2023 10:00 682

Атырауда жеңіл көлік қаққан екі жасөспірім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жол-көлік оқиғасы кеше, 5 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18:00 шамасында орын алған.

Атырау қаласындағы А.Байтұрсынов-Афанасьев көшелерінің қиылысында Тoyota Verso маркалы автокөлігі 2 жасөспірімдерді қағып құлатты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен жасөспірімдер Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, -деп хабарлады Атырау қалалық полиция басқармасы.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр.

Жазғы демалыстың басталуына байланысты тұрғын үй алабы мен көшелерде самокат және велосипед тізгіндеген жасөспірімдердің көбейді. Осыған байланысты жүргізушілерден жолда жүру ережесін қатаң сақтап, абай болуды ескертеміз, -деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға