Жаңалықтар

Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Жедел жәрдем көлігінің жолаушысы дене жарақатын алды
Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Фото: Атырау облыстық ПД 01.12.2022 03:16 832

30 қарашада Атырау қаласындағы Владимирский көшесі бойында орын алды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Екінші дәрежелі жолдан шыққан Daewoo Nexia маркалы көлігі басты жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жолаушысы дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға