Жаңалықтар

АТЫРАУДА ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ҚҰРБЫЛАСТАРЫМЕН ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ҚЫР-СЫРЫМЕН БӨЛІСУДЕ

АТЫРАУДА ЖАС КӨШБАСШЫЛАР ҚҰРБЫЛАСТАРЫМЕН ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ҚЫР-СЫРЫМЕН БӨЛІСУДЕ
26.11.2018 03:08 1589

Атырау ққаласындағы Достық үйінде өзін-өзі ілгерілету, өзіндік маркетингтік стратегия және өзін таныту бойынша «PRодвигай себя» тақырыбындағы тренинг өтуде.

Оған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, блогерлер, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының көшбасшылары және басқа да белсенді жастар қатысуда.

Кездесу TEDx форматында өтуде. Спикерлер ашық алаңшада орналасқан аудитория алдында мінберсіз сөз сөйлейді. Іс-шараға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицейінің директоры Наталья Дементьева және басқа да бірқатар жоба жеңімпаздары өз жетістіктерімен бөлуде.

Тренинг жастардың бойында заманауи технологияларды пайдалана отырып өзін-өзі ілгерілету және танымалдық деңгейін арттыру бойынша нақты дағдыларды дамыту және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары мен жас көшбасшыларды насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Модератор – «Жаңғыру жолы» РЖҚ Төрағасының орынбасары, «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының Төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға