Жаңалықтар

Атырауда өзбек мәдениетінің күні аталып өтті

Атырауда өзбек мәдениетінің күні аталып өтті
11.10.2018 05:44 2002

Атырау қаласының саябақтарының бірінде «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өзбек мәдениетінің күні аталып өтті.        

Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының меңгерушісі Гүлмира  Шәкірова өзбек этномәдени бірлестігінің алғашқы өткізіп отырған мерекелік шарасына сәттілік тіледі.

Концерттік бағдарлама барысында өзбектің билері мен әндерімен қоса, өзбек халқының «Бесікке салу» салт-дәстүрі көрсетіліп, көрме ұйымдастырылып, қонақтар өзбек халқының ұлттық тағамы – палаудан дәм татты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға