Жаңалықтар

Атырауда үлескерлердің 650 млн теңгесін заңсыз алғандар ұсталды

Атырауда үлескерлердің 650 млн теңгесін заңсыз алғандар ұсталды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 15.09.2023 10:55 618

Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 

Күдіктілердің әрекеттерінің нәтижесінде үлескерлер 2 жыл бойына баспананы алмаған.

Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.

Өз кезегінде, облыс прокуратурасы «әрбір азамат қырағылығын білдіру тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет» екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға