Жаңалықтар

Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адамды күйік шалды

Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адамды күйік шалды
Фото: Атырау ТЖД 03.01.2024 03:42 703

2 қаңтарда сағат 11:10-да Атырау қаласы, Көкарна ауылы, Көкарна көшесі мекен жайындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпу орын алғаны, содан кейін 9 ш. м көлемінде қабырғаның қирауы және 140 ш. м алаңда үйдің жануы анықталды.

Өрт сағат 12:03-те оқшауланды, сағат 12:22-де жойылды. Өрт салдарынан 5 адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға