Жаңалықтар

Атырауда республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өтіп жатыр

Атырауда республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өтіп жатыр
Фото: instagram.com/rsc.atyrau 01.12.2023 00:18 653

Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай республикалық «Махамбет оқулары» байқауы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оған еліміздің 14 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының 66 оқушысы бақ сынауда.

Мақсаты - оқушылар арасында қазақ ақыны және батыры Махамбет Өтемісовтың шығармаларын насихаттау.

Жыр мен өнер додасы 5 номинация бойынша сарапқа салынады:
1️. «Ұлы арман» номинациясы (Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу);
2️. «Ел құтқарар ер едім...» (Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы);
3️. «Шашақты найза, шалқар күй» (Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы);
4️. «Тартынбай сөйлер асылмын...» (Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы);
5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» («Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға