Жаңалықтар

Атырауда құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарып алды

Бұл туралы ТЖД мәлім етті
Атырауда құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарып алды
Фото: gov.kz 11.03.2023 18:25 1164

Атыраулық құтқарушылар мұз астына кеткен әйел адамды құткарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 10 наурыз күні сағат 21:49-да 101 пульіне Атырау қаласындағы «Элита» мейрамханасының тұсында белгісіз адам суға батып кеткені туралы шақырту түсті.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел кезекші оқиға орнына жеткен кезде, әйел адамның жолды қысқарту мақсатында мұз үстімен өтпек болып, кенеттен аяқ асты  мұз ойылып, суға батып кеткені анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 1979 жылы туған әйел адам құтқарылды. Құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, облыстық ауруханаға жеткізді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға