Жаңалықтар

Атырауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың III отырысы басталды

Атырауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың III отырысы басталды
Фото: Ақорда 15.03.2024 14:39 1093

Атырауда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың III отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жиында төрт бағытты қамтитын шағын секциялық жиындар өтті. Құрылтай мүшелері көтерген мәселелер мен айтқан ұсыныстар пысықталып, негізгі отырыстың бағдарламасына хатталады. 

Ұлттық құрылтайдың кіріспесінде мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сөз сөйледі. 

Құрылтай хатшылығы мемлекет басшысының бастамаларымен Ұлттық құрылтай мүшелері берген ұсыныстарын ұдайы өз бақылауында ұстауда. Мәселен, Ұлытауда өткен бірінші отырыс қорытындысы бойынша 42 бастама жұмысқа алынса, Түркістандағы екінші отырыс нәтижелеріне сәйкес 100-ден аса ұсыныс назарға алынды. Соның ішінде мемлекет басшысының қазіргі уақытта жүзеге асқан кейбір бастамаларын атап өткім келеді. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес кешенді жоспары бекітілді. Мектеп оқушылары мен жастар арасындағы электронды темекі мен вейп қолданудың алдын алуға бағытталған жол картасы қабылданды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңа аудандар құрылды. «Балалар кітапханасы» жобасы іске асты. Тіл саясатын дамыту тұжырымдасы бекітілді, - деді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы былтыр Түркістан қаласында ұйымдастырылды. Екі күн бойы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылаған қоғам қайраткерлері мен Парламент депутаттары, қоғамдық кеңестер мүшелері мен БАҚ басшылары және сарапшылар өзіндік ұсыныстарын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға