Жаңалықтар

Атырауда қапшықтарға құм толтыруға көмектескен баланың әрекеті тамсандырды

Атырауда қапшықтарға құм толтыруға көмектескен баланың әрекеті тамсандырды
Фото: Видеодан алынған кадр 08.04.2024 14:02 782

Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмектесіп жатқан бүлдіршіннің әрекеті көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір атыраулықтар ағын суға тосқауыл болуы үшін қапшықтарға құм толтырып жатыр. Әлеуметтік желіде кішкентай баланың көмек көрсету үшін құм салынып жатқан қапшықты ұстап тұрған видеосы тарады. Оның үлкендерге құм салу ыңғайлы болуы үшін қапшықты көтеріп, түзеп қойғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бүлдіршіннің әрекетіне сүйсініп, ата-анасына разылығын білдіруде.

«Қолың дерт көрмесін, балапан», «Осындай ұрпақ барда қазақ халқы ешқашан өлмейді», «Ғұмырлы бол, болашағың жарқын болсын», «Ата-анасы дұрыс тәрбие бергені көрініп тұр», «Міне, нағыз тәрбие», «Үлкен жүрегінен айналдым», «Көмекші болған түріңнен», - деп жазып жатыр оқырман қауым.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АТЫРАУ / КАЗАХСТАН / 06 🇰🇿🇰🇿🇰🇿 (@zello_atyrau_region)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға