Жаңалықтар

Атырауда пара хоккейден кәсіби клуб құрылуы мүмкін

Атырауда пара хоккейден кәсіби клуб құрылуы мүмкін
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі 05.06.2023 14:05 528

Атырауда алғаш рет пара хоккейден Қазақстан Республикасы құрама командасының ойыны өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта пара хоккейден Атыраудың кәсіби клубы құрылуы мүмкін.

Мұз үстіндегі көрме ойынға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мурзиев арнайы қатысты. 

Атырау өңіріне үлкен мақсатпен келгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Біздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың хоккейге деген қызығушылығын арттырамыз деп келген ниеттеріңізге рахмет! Жалпы облыста пара спорттың түрлері жақсы дамып келеді. Біз оған ризамыз. Енді сіздердің сеп болуларыңызбен пара хоккейден де бір команда құрылып жатса, қолдау білдіреміз. Алдағы жұмыс-жоспарларыңыз бен ойындарыңызға тек сәттілік тілеймін, – деді М.Мурзиев. 

Еске сала кетейік, 2021 жылы алғаш рет "Қазақстан пара хоккей федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылып, 18 спортшы мен 2 жаттықтырушыдан тұратын жалғыз команда қалыптасты. 

Атырауда пара хоккейден кәсіби клуб құрылуы мүмкін

Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға