Жаңалықтар

Атырауда отбасында жанжал шығарған 34 адам қамауға алынды

Атырауда отбасында жанжал шығарған 34 адам қамауға алынды
Фото: © Polisia.kz 12.07.2023 08:07 762

Атырауда отбасында жанжал шығарған 34 адам әкімшілік қамауда отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты «102» арнасына 4 097 хабар түскен.

Осындай дерекке байланысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 1 198 адам жауапкершілікке тартылды. Ал, 1 365 құқық бұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылды. Оның ішінде 334 адамға ерекше талап қойылды. Қорғау нұсқамасын бұзған 96 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзған 34 адам қабылдау-тарату орнына әкімшілік қамауға алынды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға