Жаңалықтар

Атырауда «Октоберфест» мерекесі аталып өтті

Атырауда «Октоберфест» мерекесі аталып өтті
09.12.2018 09:28 1365

«Возрождение» Қазақстандық немістер бірлестігінің» Қоғамдық қоры «Қазақстанның батыс аймағында неміс тілі мен неміс мәдениетін дәріптеу» жобасын жүзеге асыру аясында өз жұмысын бастап кетті. Осыған орай Атырау қаласында «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Октоберфест» шарасы өтті.

Шара барысында Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Ресей Федерациясынан келген одақтардың өкілдері этномәдени жұмыстар, «DAZ» газетімен өзара байланыс жүргізу, «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігіне ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісіп, неміс тілі оқытушыларымен, студенттерімен, жастармен, неміс кәсіпкерлерімен, облыстық ҚХА, «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты.

Кездесу соңында «Видергебурт» этномәдение бірлестігінң мүшелері өз өнерлерін көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға