Жаңалықтар

Атырауда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

Атырауда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды
Фото: polisia.kz 06.05.2023 16:00 603

Атыраулық полицейлер 16 қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

6 мамыр күні сағат 3:06 шамасында 102 арнасына Алмагүл мөлтек ауданы бойындағы көпқабатты үйдің 16 қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Атырау қалалық ПБ-ның патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов және қызмет инспекторлары Айдос Кубиев пен Серік Жолдығалиұлы дереу жетіп тез арада жоғары қабатқа көтерілген.

Оларды байқаған ер адам оған жақындамауын ескертіп, айқайлай бастаған. Жағдайды бағдарлай отырып, полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысып, ығайлы сәтті күтіп, шапшаң қимылдап оның арқасынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген.

Қазір 23 жастағы ер азаматтың мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға