Жаңалықтар

Атырауда көлік тізгіндеген мектеп бітіруші түлек жол апатына түсті

Атырауда көлік тізгіндеген мектеп бітіруші түлек жол апатына түсті
Фото: Видеодан кадр 01.06.2023 17:00 3108

Атырау қаласы Қызылбалық ауылында жол апаты орын алып, салдарынан 2 адам ауруханаға түсті. Оның бірі – кәмелетке толмаған жасөспірім, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ерсін Қожахметовтің айтуынша, мұнайлы шаһардан Дамбы бағытына қатынайтын жолдың Қызылбалық елді мекені тұсында екі көлік соқтығысқан. Оқиға бүгін, 1 маусым күні 12:20-да болған.

ВАЗ – 2141 және Honda Odyssey көліктерінің соқтығысуы салдарынан 2 адам жарақат алды. Көліктің бірін кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған. Жасөспірімнің жасы – 17-де.

01.06.2023 жылы 12:30-да Атырау-Дамба тас жолында ФОК тұсында жол көлік оқиғасы бойынша «103» пультіне шақырту түскен. Дер кезінде бригадаға жолданды. Алғашқы көмек 1 ересек, 1  жасөспірім балаға көрсетілді. Қазіргі таңда әр түрлі сыртқы дене жарақатымен облыстық аурухана және облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға