Жаңалықтар

Атырауда итке темір бағана қадалып қалған

Атырауда итке темір бағана қадалып қалған
Фото: Видеодан алынған кадр 18.05.2023 21:50 753

Әлеуметтік желіде Атыраудағы Нұрсая мөлтек ауданында темір бағана қадалып, жарақат алған иттің фотосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы белсенділер мәлімдеді. Желіде тараған видеода иттің артқы аяғына арматура қадалып қалған. Салдарынан ол көп қан жоғалтыпты. Еріктілер итті ветеринарға жеткізген.

Осы жайтқа байланысты Атырау қалалық полициясы пікір білдірді.

Атырау қалалық ПБ-ның Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 17 мамыр күні сағат 12:00 шамасында жазбадағы иттің өзі жарақаттанғаны анықталды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға