Жаңалықтар

Атырауда есірткі тасымалдаған 30 жастағы күдікті қамауға алынды

Атырауда есірткі тасымалдаған 30 жастағы күдікті қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 10.05.2023 10:00 491

Атырауда есірткі тасымалдаған 30 жастағы күдікті қамауға алынды. Күдіктіден есірткі мен тапанша тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі тасымалдаған күдікті 8 мамыр күні сағат 16:40 шамасында ұсталған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы көшелердің бірінде есірткі тасымалдаумен айналысқан 1993 жылғы тұрғынды ұстады. Күдіктіден 4 дана политилен пакетке оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ пен тапанша тәркіленді. Оның тұрақты мекен-жайын тінту кезінде политилен пакетке салынған ұнтақ пен ас үйінен кептірілген есірткі тектес өсімдік табылды. Тәркіленген айғақ заттарға сараптама тағайындалды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға