Жаңалықтар

Атырауда екі көлік соқтығысып, ерлі-зайыптылар көз жұмды

Атырауда екі көлік соқтығысып, ерлі-зайыптылар көз жұмды
Фото: коллаж El.kz 13.06.2024 10:18 905

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан ерлі-зайыптылар қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол көлік оқиғасы кеше, 12 маусым күні болғанын мәлімдеді.

Атырау-Ақтөбе тас жолының 454-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – Kia Rio, екіншісі – DAF жүк көлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Kia Rio автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттарын жинақтауға кірісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға