Жаңалықтар

Атырауда «дөңгелек үстел» қатысушылары қазақстадық патриотизмді нығайтуды талқылады

Атырауда «дөңгелек үстел» қатысушылары қазақстадық патриотизмді нығайтуды талқылады
14.09.2018 09:34 1773

Атырауда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіздіктің негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғимаратында өткен шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, аймақ әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Ғылыми - сарапшылық топ ұйымдастырды.  

Отырысқа ардагерлер, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері, ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері – ұзын саны 40-қа  жуық адам қатысып, өз ой пікірлерімен бөлісті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ата заңында көрсетілген руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан әрі нығайту мәселелері бойынша ой пікірлер ортаға салынды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға