Жаңалықтар

Атырауда бір топ жасөспірім құрдасын аяусыз соққыға жыққан

Атырауда бір топ жасөспірім құрдасын аяусыз соққыға жыққан
Фото: Видеодан кадр 20.06.2023 17:15 610

Әлеуметтік желілерде Атырауда жасөспірім аяусыз соққыға жығылған видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 маусымда түнде болған. Атырау облысы Полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, 18 маусымда сағат 01:30 шамасында қаладағы көпірлердің бірінің тұсында топтасқан адамның төбелескелі жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына барған №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 жасөспірімді ұстап, бөлімшеге жеткізген.

Бөлімшеге жеткізілген 11 жасөспірімге қатысты түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүруіне байланысты хаттама толтырылды. Екі жасөспірімге қатысты ұсақ бұзақылық дерегімен хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды, - деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

Соққыға жығылған жасөспірім дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Жасөспірімдер арасындағы кикілжіңге нақты не жағдай себеп болғаны белгісіз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға