Жаңалықтар

Атырауда балабақша қызметкерлері жұмыс орнында арақ ішкен

Атырауда балабақша қызметкерлері жұмыс орнында арақ ішкен
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 19.02.2024 15:34 1127

Атырауда балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бейнероликте әйелдердің бір-бірімен рюмка түйістіріп, арақ ішіп отырғандары анық көрінеді. Оқиға 14 ақпан күні №2 «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасында тіркелген. Атырау қаласы маңындағы Көкарна ауылындағы балабақшада орын алған жағдайға байланысты қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр.

«Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасының әкімшілігі видеодағы әйел адамдар балабақшаның ас үйіндегі техникалық қызметкерлері екені атап өтті. Орын алған жағдайға байланысты тиісті түсініктемелері алынып жатыр. Әкімшілік теріс әрекет көрсеткен әйел адамдар педагогтар емес екендігін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға